USD
USD
USD

Еңбекші ауданында санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында және көше бойындағы ағаш бұтақтарына санитарлық кесу, тазалау, суғару және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданында санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған жұмыстарды мердігер “Build Stroi” ЖШС-і тұрғындардың өтінімі және кестеге сәйкес атқаруда.

Сонымен қатар, аудан аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен көше қиылыстарындағы жол белгілерінің көріну аумағының жасыл желектерін қырқу жұмыстары кестеге сәйкес орындалды.

Аудан тұрғындары жұмысшылардың еңбегін әрқашан бағалап, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи