USD
USD
USD

Еңбекші ауданында көше бойындағы жарнама мәтіндеріне рейд жүргізілді

Шымкент қаласының аудан аумақтарында көшедегі жарнама мәтіндерін ретке келтіру, дұрыс жазылуын қадағалау мақсатында рейд жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданында көше бойындағы жарнама мәтіндеріне рейд жүргізілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Осы мақсатта бүгін Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Ш.Уалиханов, Елшібек батыр көшелері бойында орналасқан жарнамалардың «ҚР тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында кәсіпкерлік нысандардағы бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттың жазылуында Тіл туралы заңның сақталмауы анықталып, мамандар тарапынан түзету туралы ескерту берілді. Аталған кемшіліктер түзетілмеген жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Түсіндіру жұмыстарына Шымкент қаласының Ішкі саясат, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары қатысты. «ҚР Тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес кез-келген көрнекi ақпараттың мәтiндерi ең алдымен мемлекеттiк тiлде жазылып, қажеттiгiне қарай қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам