USD
USD
USD

Еңбекші ауданында биыл 15 ашық спорт алаңшасы салынады

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуды және спортты баршаға қолжетімді етуді айтқан болатын.

Еңбекші ауданында биыл 15 ашық спорт алаңшасы салынады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Осы бағыттағы жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтеновті бүгін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек таныстырды.

Аталған ауданда жалпы 2021 жылға дейін 85 ашық спорт алаңшалары орнатылған. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес осы жылы ауданда 15 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшалары орнату жоспарланған.

Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабында демеуші есебінен 1 ашық спорт алаңшасы орнатылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған. Жоба құны 13,5 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар 14 спорт алаңшасын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.

Аудан әкімінің айтуынша, 2011-2014 жылдар аралығында орнатылған қолданыстағы ашық спорт алаңшалырының 21-нің тозуына байланысты, келесі жылы қайта құру жоспарда бар. Одан бөлек, шалғай аумақтардан 10 спорт алаңшасын жаңадан құру жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

Аяжан

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған