USD
USD
USD

Еңбекші ауданы әкімі тікелей эфирде есеп берді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек «Оңтүстік» телеарнасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Еңбекші ауданы әкімі тікелей эфирде есеп берді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аудан әкімі биыл 9 айда межеленген жоспарлардың барлығы толығымен орындалғанын айтты. Инвестиция көлемі 10 пайызға артып, 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылған, 24 көп қабатты тұрғын үй ауласы абаттандырылған, 14 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшалары салынуда.

 

Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ ауыз сумен 94,4%, электр жарығымен 96,5%, газбен 86,4%, кәріз жүйесімен 63 пайызға қамтылған. Бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жалпы эфир барысында тұрғындар тарапынан балалар алаңшасын орнату, әлеуметтік көмек алудағы бюрократия, көше жарықтандыруға қатысты 14 сұрақ қойылды.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком