USD
USD
USD

Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сот отырысы басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовтің қамаудағы мерзімі жылдың соңына дейін ұзарды, деп хабарлайды Tengrinews.

Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сот отырысы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Нұрымбетовке қатысты іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 128-бабы бойынша жолданды.

Айта кетейік, Нұрымбетовтен басқа бұл іс бойынша сот алдына тағы 5 адам келді.

Осылайша Тимур Нұрымбетов 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін үй қамауында болады.

Осы іс бойынша басты сот отырысы 2020 жылдың 30 шілдеде өткен болатын. Кезекті сот отырысы 17 тамызға белгіленді.

Тимуржан Нұрымбетов 1966 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-технолог.

2013 жылы Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметінде болған. 2019 жылдың ақпанынан бастап Тимуржан Нұрымбетов Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны