USD
USD
USD

Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов өз еркімен қызметінен кетті

Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы өңірлік әкімдік мәлімдеді. 

Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов өз еркімен қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, облыс әкімінің бұйрығымен Нұрымбетов басқарма басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 18 ақпанында келген еді.

"Тимуржан Нұрымбетов өзін сауатты және білікті маман, мықты басшы ретінде көрсетті. Ашық, еңбекқор адам. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінде ешқандай тәртіптік жазаға тартылған жоқ", - делінген Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Алмас Мәдиевтің жауабында.

24 сәуірде Нұрымбетовтің орнына уақытша қызметке Жорабек Баубеков келді.

Еске салайық, мұның алдында Тимуржан Нұрымбетовтің үй қамауына алынғаны хабарланған еді. Жамбыл облысының прокуратурасы 2019 жылдың 26 желтоқсанында Антикоррупция қызметінің сотқа дейінгі тергеу бастағанын айтқан еді. 

Қазір оқып жатыр

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Нұрасыл Болат

15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

Кәрім Меңдіқанов

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

.

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Қарағанды