USD
USD
USD

Еңбек министрі зейнетақының ең төменгі жеткілікті шегін өсіруге қатысты пікір білдірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қолдану мерзімін жылдың соңына дейін ұзартуға қатысты ұсынысына пікір білдірді.

Еңбек министрі зейнетақының ең төменгі жеткілікті шегін өсіруге қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып, ведомствоға тиісті ұсыныс келіп түспегенін айтты. Кез келген ұсынысты министрлік егжей-тегжейлі пысықтап, өзінің ұстанымын жариялайтын болады. Сонымен қатар С. Шәпкенов зейнетақы жинаған бірінші кезекте лайықты деңгейде болуы керек екенін атап өтті.

«Жеткілікті шегіне тоқталсақ, біл мәселеге түрлі призмалар арқылы қарау керек. БЖЗҚ – ол адамдардың өзінің лайықты зейнатақысына жинаған қаражаты. Осыдан қаражатты үнемі ала берсек, онда ертең адам зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақыны алатын болады. Бұл дұрыс па? Сондықтан Еңбек министрілігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды. Бұл тұрғыда біздің ұстанымды айтатын болсақ, ел азаматтары зейнет жасына жеткенде, оның табысына сәйкес лайықты зейнетақысы болуы керек», - деді министр.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде депутат А. Жамалов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Үкіметті зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қолдану мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент