USD
USD
USD

Еңбек министрі: Екі жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл ұлттық жобалар аясында 269 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

 Еңбек министрі: Екі жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде электронды еңбек биржасына 691 кәсіпорын 1 мың инвестициялық жобада ашылатын 13 609 жұмыс орнын ұсынып отыр. Онда тек біліктілік талаптары ғана емес, сонымен бірге төленетін еңбекақы мөлшері және жұмыс орнының сипаттамасы да берілген.

"Жобалардың және ондағы бос жұмыс орындарының тізімі аталған жобалардың әзір болуына қарай алдағы уақытта толықтырылып отырады. Біз жалпы жұмысқа тарту ісін Электронды биржа аясында жүргізуді қолдап отырмыз. Оның ашықтығы және қолжетімділігі жұмыспен қамту мәселелерінің жаңа мәдениетін қалыптастыруды және мемлекет қолға алып жатқан бастамалардан халқымызды толық хабардар ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді", - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі