USD
USD
USD

Еңбек кодексіне демалыс күндері жұмысқа шығудан бас тарту құқығы енгізіледі

Жұмыс беруші қызметкерді мейрам күндері жұмысқа шығару үшін келісімін алуы керек. Жұмысшылар Еңбек кодексіне енгізілген осы өзгерісті алға тартып, кестеден тыс жұмыстан бас тарта алады.

Еңбек кодексіне демалыс күндері жұмысқа шығудан  бас тарту құқығы енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында норма Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат кулуарында айтты.

«Жұмыс беруші азаматтарды мейрам күндері немесе жұмыс уақыты біткеннен кейін жұмысқа тартатын болса, жұмыскерге хабарлама беру керек. Жұмыскер ол хабарламаға келісетінін көрсетіп және жедел жәрдем мәселелеріне қатысы жоқ», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Еңбек кодексіндегі жаңа нормадағы осы құқығын пайдаланған адамдарды ешкім жұмыстан шығара алмайды.

«Бұл жерде еңбек шартында не жазылғанына байланысты. Еңбек шартында қосымша жұмыс уақыттары туралы айтылған болса, қалып істейсіз. Ал еңбек шартында нақты уақыт берілген болса, сол уақытта ғана жұмыс істей аласыз», - деді ведомство басшысы.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе