USD
USD
USD

«Еңбек сіңірген геолог» наградасына мемлекеттік мәртебе беріледі

«Еңбек сіңірген геолог» ведомстволық наградасына мемлекеттік мәртебе берілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Награда
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE.  – Геолог мамандығын дәріптеу бойынша жұмыстар белсенді атқарылып жатыр. «Еңбек сіңірген геолог» ведомстволық наградасын мемлекеттік награда мәртебесіне көтеру жоспарланған. Бүгінгі күні заңнамалық түзетулер пысықталуда, – деді министр.

Қанат Шарлапаевтың дерегінше, геология мамандығы бойынша түлектер санының өсуі байқалады. 2022 жылы тек 1 224 түлек бітірсе, 2024 жылы үш мыңнан астам маман бітірді.

– Бұл ретте, Сәтбаев университетінің деректері бойынша-, түлектердің 98 пайызы мамандық бойынша жұмысқа орналасқанын атап өткен жөн. Сонымен бірге, оқушыларды геология саласына баулу мақсатында «Жас геолог» қоғамдық қоры құрылған. Бұл қор ұйымдастыратын «Жас геолог» олимпиадасына жыл сайын 5 ел оқушылары қатысады. Жұмыс нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстандық оқушылардың халықаралық геологтар олимпиадасында жүлделі орындар иеленді. Осылайша, саладағы адам капиталын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық