Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еңбек саласында 8 мыңға жуық заңбұзушылық: 10 мың адам жалақы алмаған

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 494 кәсіпорынның жыл басынан бері еңбекақы бойынша берешегі барын анықтады.

Жалақы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Еңбекақы бойынша жиналған қарыз 10,4 мыңнан астам қызметкерді қамтып, оның жалпы көлемі 2,6 млрд теңгеден асты.

Тексеру кезінде көптеген ұйымдарда еңбек заңнамасының талаптары сақталмағаны анықталды. Шамамен 8 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркеліп, оның нәтижесінде заң талаптарын бұзған кәсіпорын жетекшілеріне 3 781 міндетті талап жолданды. Олардан 470,7 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді.

Анықталған құқықбұзушылықтардың 6 362-сі еңбек қатынастарына, 1 495-і еңбек қауіпсіздігіне, 45-і жұмыспен қамту саласына қатысты.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қарызды өтеудің нақты мерзімдері бекітілді. 10,1 мың жұмысшының мәселесі шешімін тауып, олар 2,2 млрд теңгеге жуық еңбекақысын алды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық