USD
USD
USD

Ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі әзірленіп жатыр

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі әзірленуде. Бұл жұмыстарды 2023 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

Ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі әзірленіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны көтеру 1 миллион 800 мың адамды қамтиды. Ал бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1-ден 1,5 жасқа дейін ұзарту бойынша жәрдемақыны 500 мыңға жуық азамат алатын болады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әйелдердің зейнетақы жасы 2028 жылға дейін 61 жаста тоқтатылды. Осы уақытқа дейін базалық зейнетақы, ынтымақтастырылған жүйеден төмендетілген зейнетақының көлемдері көтерілетін болды. Бұған қажет қаржы 2023-25 жж. арналған бюджет жобасына қосылды. Жалпы зейнетақы жасына байланысты қосылатын қаражатты есептегенде, осы зейнетақыны көбейтуге және азаматшалардың ерте зейнетке шығуына қажетті 4 трлн теңге қаржы бөлінеді», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев