USD
USD
USD

Ең танымал өнерпаздар вирус жұқтырды

1994 жылғы «Әлем аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы, үндістандық фотомодель, актриса Айшвария Рай коронавирус жұқтырды.

Ең танымал өнерпаздар вирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 46 жастағы актрисаның отбасы мүшелерінен де COVID-19 анықталған. Вирус Айшварияның күйеуі актер Абхишек Баччаннан, 8 жастағы қызы Арадхьиден, актрисаның енесінен, Болливудтың супер жұлдызы Амитабх Баччаннан табылған.

Қазіргі таңда олар Мумбайдағы ауруханаға жатқызылған. Баччан отбасының резиденциясы жабық. Ондағы барлық тұрғын екі апта карантинге орналастырылыпты. Жанкүйерлер сүйікті актерлерінің вирус жұқтырғанына таңғалды.

Айта кетейік, Үндістан әлемдегі вирус жұқтырған елдердің арасында үшінші орында. Мұнда 850 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырды. Соңғы күндері коронавирустың таралуы рекордтық деңгейге жетті - бір күнде 29 мың адамнан инфекция анықталды. Вирустан қаза тапқандардың саны 23 мыңға жақындап қалды.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға