USD
USD
USD

Ең кішкентай адам өмірден озды

Әлемдегі ең қортық адам – Хегандра Тапа Магар 28 жасында қайтыс болды. Бұл жөнінде «Гиннестің рекордтар кітабы» өзінің сайтында хабарлап отыр.

Ең кішкентай адам өмірден озды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хегандра Тапа 1992 жылы Непалда дүниеге келген. Ол 2011 жылы 67,08 см бойымен «өз аяғымен жүре алатын әлемдегі ең бәкене бойлы адам» ретінде рекордтар кітабына енген. Өйткені, Хегандрадан 7 см бәкене бойлы филипиндік қортық Джунрей Балауинга денсаулығына байланысты өзі жүріп-тұра алмайды екен.

«Хегандра 2011 жылдан бастап Непалда туризм саласының «Мейірімділік елшісі» боп тағайындалған. Ол кейінгі кезде жүрек дертімен, астма және пневмония секілді сырқаттармен көп алысып кетті. Жуырда ғана Непалдағы Manipal ауруханасына орналастырылған еді», – деп жазады рекордтар сайты.

 

Енді, әлемде өздігінен жүріп-тұра алатын ең қортық адам колумбиялық Эдуардо Ниньо Эрнандес аталып отыр. Оның бойы 70,21 см.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот