USD
USD
USD

Ең биік тау бір метрге төмендеді

Батыс Еуропадағы ең биік тау Монблан төрт жыл ішінде бір метрге төмендеді, деп хабарлайды France Bleu радиостанциясы.

Ең биік тау бір метрге төмендеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Радиостанция келтірген геодезистердің баяндамасына сәйкес, қазіргі уақытта таудың биіктігі 4 807,81 метрді құрайды, ал 2017 жылы Монбланның биіктігі 4 808,72 м болған. «Батыс Еуропаның төбесі осылайша 4 жыл ішінде бір метрге төмендеді», - деп атап өткен радиостанция.

France Bleu нақтылағандай, геодезиялық экспедиция 16-18 қыркүйек аралығында өткен. Мамандар таудың биіктігінің өзгеруі оның жоғары жағындағы қар жамылғысының азаюына байланысты деп түсіндіреді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі