USD
USD
USD

Ең бай компаниялардың тізімі шықты

Сауд Арабиясының халықаралық Tadawul биржасына өз акцияларын сатуға қойғаннан кейін арабтың Saudi Aramco мұнай компаниясы әлемдегі ең қымбат компаниялар тізімінде көш бастады.

Ең бай компаниялардың тізімі шықты
Фото: NEGE.kz

Германияның «Хандельсблат» күнделікті іскерлік басылымы жасаған тізімде Saudi Aramco-дан кейін америкалық Apple мен Microsoft келе жатыр. Олардан кейінгі ең қымбат компаниялар ретінде Alphabet пен Amazon және Facebook аталуда. Ал, қаржылық айналымды ең сәтті жүргізуші компания деп қытайдың Alibaba группасы аталды.

2019 жылдың «100 компаниясының» тізімінде 56 америкалық компания бар. Еуропалықтар негізінен биылғы тізімге іліге алмаған. Рейтинг жасаушылардың пікірінше, биылғы жылы цифрлық технологияны сәтті қолдана білген компаниялардың әлемдік нарықта аты озып шыққан.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков