Ең арзан нан – Қызылордада
ҚазТАГ агенттігі құрастырған баға мониторингінде.
Алматы, NEGE. Нанның ең арзан бағасы Қызылордада – Т60, ал ең қымбаты – Ақтөбеде (Т87-Т152 аралығында).
Өсімдік майының 1 литрі Алматыда Т531, Қызылордада – Т353.
Көкшетау мен Түркістанда сиыр етінің 1 кг Т1800 сатып алуға болса, Байқоңырда оның бағасы Т3570 дейін жетеді.
Орта есеппен Қазақстан бойынша тауық етінің бағасы Т900 болып отыр. Қарағандыда оны Т718, Атырауда 1067 теңгеге сатып алуға болады.
Ең қымбат қарақұмық – Өскеменде (Т657/1кг), ең арзаны – Таразда (Т250/1кг).
Он жұмыртқаның бағасы Алматыда Т483, бұл ретте Петропавлда оның бағасы- Т192.
Салмағы 400 кг болатын макарон қорабы Қазақстанның барлық өңірінде 1 кг қарағанда сәл төмендеу.
Мәселен, Алматыда 400 грамдық макарон Т192 - Т325 аралығында, ал 1 кг бағасы Т429 -Т488 аралығында.
Қызылордада макарон Т103, ал 1 кг – Т183. Ұнның бағасы Алматыда қымбат - – Т371/1 кг, ал ең арзаны – Қарағандыда (Т171).
Егер Таразда 1 кг сары май Т1 мың тұрса, Оралда Т3700 дейін жетеді.
Шәй қорабын (250 гр) Павлодарда Т890 сатып алса, Талдықорғанда –Т500.
Таразда 1 кг күріш Т237 тұрады, Өскеменде оның бағасы Т1027 дейін барады.
Азық-түлік бағасының (өсімдік майы, жұмыртқа, макарон, ұн) ең қымбатын агенттік тілшілері Алматыда тіркеді, ал ең арзаны – Таразда (қарақұмық, сары май, күріш) және Қызылордада (нан, өсімдік майы, макарондар).