USD
USD
USD

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, елде ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізу жоспары бар. Алайда оның нақты мерзімі әзірге белгісіз.

ақша
Фото: pixabay.com

Астана,NEGE. Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, ең төменгі жалақыны қайта қарауға арналған арнайы әдістеме 2024 жылы әзірленген. Құжат уәкілетті органдардың қарауына жіберілген, қазір ұсыныстар әр ведомство деңгейінде талқыланып жатыр. Атап айтқанда, бұл мәселені Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және өзге де мемлекеттік органдар қарастыруда. 

«Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге. Яғни жұмыс беруші осыдан төмен айлық белгілеуге құқылы емес. 85 мың теңгені көтеру мәселесіне келсек, біз 2024 жылы арнайы әдістеме әзірледік. Сол құжат уәкілетті органдардың қарауына жіберілді. Қазір бұл мәселені жыл сайынғы бюджет аясында қарастыру көзделіп отыр», – деді ол.

Министрдің сөзінше, ең төменгі жалақының нақты қаншаға өсетіні әзірге белгісіз. Бұл мәселе бойынша барлық ұсыныстар қаралып, ортақ шешім қабылдануы тиіс.

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар екенін айтқан. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай