USD
USD
USD

Емтихан кейінге қалдырылуы мүмкін

Қазақстанда төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде ЖОО-лар мен жоғары білімнен кейінгі мекемелерге қорытынды емтиханды кейінге қалдыруға рұқсат етілуі мүмкін.

Емтихан кейінге қалдырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «(...) БҰЙЫРАМЫН: «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (…) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4.(...) Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде ЖжЖББҰ білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы және қорытынды бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу нысанын дербес айқындайды», - делінген ҚР білім және ғылым министрінің бұйрық жобасында.
Бұйрық жобасының салыстырмалы кестесінде ондай толықтыру енгізуге келесі жағдай негіз болған: «интернетке қол жетімсіз және интернеттің әлсіз нашар байланысы бар білім алушыларға Incomplete сияқты бағаны қою қажеттілігі туындап отыр».
«Осы баға емтихандарды басқа кезеңге ауыстыруға мүмкіндік береді», - делінген негіздемеде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.