USD
USD
USD

Эмомали Рахмон коронавирусты қалай жеңді?

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон биылғы халыққа жолдауында «коронавирусты түбегейлі жеңдік» деп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Эмомали Рахмон коронавирусты қалай жеңді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ. Біз оның толықтай көзін жойдық», – деді Э.Рахмон.

Сөйтті де, халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. «Босаңсуға болмайды. Жеке бастың және қоғамның тазалығын сақтайық», – деді ол.

Президенттің айтуынша, өткен жылы коронавируспен күреске 1,6 млрд сомони (60 млрд теңгеге жуық) бөлініп, елде шұғыл түрде 30 жаңа аурухана салыныпты.

Ресми деректерге қарағанда, Тәжікстанда 13 мың адам вирустан жазылып, 90 адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс