USD
USD
USD

Эмомали Рахмон Қазақстанның ең жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Эмомали Рахмон Қазақстанның ең жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстанның бауырлас халықтары арасындағы достықты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға Эмомали Рахмонның қосқан орасан зор үлесін атап өтті.

«Біз әрдайым барлық деңгейдегі тығыз және сенімді саяси диалогты қолдаймыз. Елдеріміз арасында берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстардың аясы ұдайы кеңейіп келеді. Біз Орталық Азиядағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға үлес қоса отырып, аса маңызды халықаралық құрылымдар аясында өзара табысты әрекет етіп келеміз. Бүгінде мемлекетаралық байланыстарымыздың одақтастық қатынас деңгейіне көтерілгені қуантады. Бұл Сіздің екі ел арасында үлгілі қарым-қатынас қалыптастыруға ерекше атсалысқаныңыздың нәтижесінде мүмкін болды», – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай