USD
USD
USD

Эмомали Рахмон денсаулық сақтау министрін қызметінен босатты

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Насим Олимзоданы қызметінен босатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Эмомали Рахмон денсаулық сақтау министрін қызметінен босатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Қаулы Президенттің ресми сайтында жарияланған. Онда Олимзоданың басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылғаны айтылады.

Осылайша медицина ғылымдарының докторы Джамолиддин Абдуллозоданың жаңа денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғаны белгілі болды. Сарапшылар болса, Олимзоданың коронавирус жұқтырған науқастардың емі мен оның алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдамағаны үшін қызметінен кеткенін айтып жатыр.

Дереккөз мәліметінше, бүгінде Тәжікстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 230-ға жетті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.