USD
USD
USD

Емханаларда жалған құжат толтырылмас үшін Face-id жүйесі енгізіледі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «24KZ» елеарнасына берген сұхбатында денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті бұрамалаудың (жалған құжат толтыру) алдын алу бойынша қабылданып жатқан жаңа шаралар туралы баяндады.

Face ID, биометриялық сәйкестендіру жүйесі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жалған құжаттармен күрестегі негізгі құрал – науқастарға медициналық қызметтерді көрсету фактісін растайтын Face-ID енгізуді қоса алғанда басқа да цифрлық технологиялар болмақ. 

Министрлік Астанадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емхана базасында пилоттық жобаны іске қосты. Жоба аясында науқастар Face-ID және веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін анықтайтын болады, бұл оларға көрсетілген қызмет туралы деректердің бұрмалануына жол бермеуге септік етеді.

«Осы жылдың соңына дейін біз Астанада пилоттық жобаны іске асырамыз, ал 1 қаңтардан бастап оны бүкіл республика бойынша ауқымын кеңейтіп таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл жалған құжат толтыруды түбірімен жоқ қылатын тиімді құрал болады», - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Биометриялық жеке бас сәйкестігін анықтау жүйесі көрсетілген қызметтерді нақты тіркеуді қамтамасыз етеді, бұл науқастардың дәрігерге қаралуы туралы жалған есеп жазуға мүмкіндік бермейді, сәйкесінше бюджет қаржысының да, сақтандырылған азаматтардың жарнасының да мақсатсыз жұмсалуының алдын алады.

Қазір оқып жатыр

Жүк пойызының машинисі айдала жалғыз жүрген төрт жасар баланы құтқарып қалды

Машинист пен бала

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері

Сүндет кей жағдайда АИТВ-инфекциясынан қорғайды – уролог

Бала

«Бір сәтке уақыт тоқтап қалды»: Алматы тауларында туристер қар барысына кез болды

Барыс