USD
USD
USD

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

Заңнамаға алғаш рет «медициналық туризм» мен «медициналық турист» ұғымдары енгізілмек. 

дәрігер
Фото: steppenews.kz

Астана, NEGE. Құрылтай депутаттары денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Заң жобасы аясында медициналық туризмді дамыту тетіктерін заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылып отыр. Бұл бағытқа клиникалар, санаторийлер, ғылыми орталықтар, туроператорлар, турагенттер мен сақтандыру компаниялары тартылуы мүмкін. Сондай-ақ медициналық ұйымдарға шетелдік пациенттерді сүйемелдеу қызметтерін құруға мүмкіндік бермек.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, Қазақстанға емделуге келетін шетелдіктердің басым бөлігі – Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары. Олар көбіне сауықтыру, оңалту және стоматологиялық қызметтерге жүгінеді.

«Стоматологиялық қызметке жүгінетіндер көп. Өзге елдермен салыстырғанда, біздегі стоматологиялық қызметтің сапасы жоғары әрі бағасы төмен. Әсіресе Еуропа мен Түркиядан келетіндер үшін біздің бағалар қолжетімді», – деді министрдің міндетін атқарушы.

Сұлтанғазиев Қазақстанда кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және репродуктивті медицина бағыттарына шетелдік пациенттердің қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Соңғы жылдары экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) қызметін алу үшін де шетел азаматтары келе бастаған.

«Қазақстанның әлеуеті зор. Біріншіден, табиғи жағдайымызды ескерсек, сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар онкология, нейрохирургия, кардиохирургия және репродуктивті медицина бағыттарында да артықшылықтарымыз бар. Яғни, Қазақстан медициналық туризмде өз орнын табады», – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Министрдің міндетін атқарушының сөзінше, Қазақстанда халықаралық JCI сапа стандартына ие 10 медициналық ұйым бар. Сондай-ақ Орталық Азиядағы жалғыз протондық терапия орталығы жұмыс істейді. Бұл елдің жоғары технологиялық медициналық қызметтер нарығында өз орнын табуына мүмкіндік бермек.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 8 жылға сотталды

сот балғасы

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент