Еменнің астында қалған америкалық аман қалды
Америкада Редвуд-Фолс қаласының тұрғыны 100 сағаттан астам уақыт құлаған ағаштың астында жатқан, деп хабарлады West Central Tribune.
Алматы, NEGE. Үйінің жанындағы ағаштарды кесіп жүрген тұрғынды емен ағашы басып қалған. Өзімен бірге ұялы телефоны болмағандықтан, ол ешкімді көмекке шақыра алмаған. Нәтижесінде ер адам төрт күн бойы қақпан астында қалды. Осы уақыт ішінде ол жаңбыр суын, өсімдіктерді, сондай-ақ жәндіктерді азық еткен. Жұмысқа бармаған, жақындарының қоңырауына жауап бермеген Джонатан көптің алаңдаушылығын тудырды. Нәтижесінде бұрынғы әйелі оны тауып, құтқарушыларды шақырған. Ер адамды құтқару үшін екі сағат уақыт кетті. Қазіргі уақытта ол ауруханада емделіп жатыр.
Қазір оқып жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін
«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды