Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ем-дом алу үшін зейнетақы жинағын туысқанға беруге бола ма?

Қазақстандықтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін жақын туыстарының еміне беруге рұқсат етіледі.

Ем-дом алу үшін зейнетақы жинағын туысқанға беруге бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Ережеге сәйкес, зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына тағайындауға жол беріледі. Шын мәнінде, бұл тұрғын үй ережелерінде көрсетілгендей, жақын туыстардың тізімі. Ата-анасы, баласы, асырап алушылары, туған әпкесі мен ағасы, туысқан әпкесі мен ағасы, атасы, апасы, немересі, – деді Ләззат Ибрагимова.

Айта кету керек, 25 ақпаннан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын ем-домға пайдалану үшін оларды шешіп алуға өтініш бере алады.

Медициналық қызметтердің тізімі:
- орфондық аурулар емі;
- стоматологиялық қызметтер – протездеу, имплантациялау;
- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзету мақсатында қалпына келтіру отасы (пластикалық), сонымен қатар мастэктомиядан кейін;
- радионуклидті және радиоиодты терапия;
- радиохирургиялық емдеу;
- сәулелендіру (протонды) терапия;
- офтальмологиялық қызметтер.

Сондай-ақ, бұл тізімге экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) қызметі де жатады.

Қазір оқып жатыр

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс