USD
USD
USD

«Ембімұнайгаздың» 136 қызметкері коронавирус жұқтырды

Компанияның қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, маусымға дейін «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірістік нысандарында қызметкерлердің инфекция жұқтыруы тіркелмеген. Ал, 3 жұмысшыдан қауіпті індет жұмысқа шығар алдындағы міндетті скринингтен өту кезінде анықталған.

«Ембімұнайгаздың» 136 қызметкері коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Маусымның басынан бері Жылыой ауданындағы Терең-Өзек, Қисымбай, Қызылқоға ауданындағы Кенбай кен орындарында «Ембімұнайгаздың» 62 және мердігер компаниялардың 55 қызметкерінде COVID-19 анықталды. Бұған қоса, міндетті скрининг кезінде «Ембімұнайгаздың» 19 жұмысшысынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Барлық жұмысшылар қажетті ем алу үшін Құлсары және Атырау қалаларындағы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды. Симптомсыз ауырып жатқан жұмысшылар отбасының өзге мүшелерінен оқшауланып, үй карантиніне орналастырылды. Ал, үйде оқшаулау талаптарын сақтауға мүмкіндігі жоқ адамдар Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы арнайы жабдықталған үйлерге карантинге жатқызылды. ПТР тестілері теріс нәтиже көрсеткен жұмысшылар жұмыс орындарында бақылауға алынды» -деп хабарлады компанияның қоғаммен байланыс қызметі. Қазір барлық кен орындарында жұмыс штаттық режимде жүргізіліп келеді. «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-нің және аталған өндірістік бөлімшелерде жұмыс істейтін «Ембімұнайэнерго» басқармасының қызметкерлері үшін жұмыс вахтасының мерзімі 14-тен 28 күнге дейін ұзартылған. Жаңа алгоритмге сәйкес вахтаға жіберілген «Ембімұнайгаздың» және мердігер мекемелердің барлық жұмысшысы ПТР-тесттен кейін вирус жұқтыруды болдырмау мақсатында 5 күндік карантинге жатқызылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орталық аппараттың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне жіберілген. Ал, қызметкерлердің бас кеңсе ғимаратында болу уақыты түскі үзіліссіз сағат 15.00-ге дейін қысқартылған. Бұдан бұрын Атырауда NCOC қызметкерінен коронавирус табылды.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова