USD
USD
USD

Эльжана Таниева Олимпиада қарсаңында Германияда жаттығу жиынын өткізеді

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Эльжана Таниева Париж Олимпиадасы қарсаңында Германияда жаттығады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Таниева
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы команда бас бапкері Әлия Юсупова айтты.

"Алдағы жарыстар Еуропада өтеді. Екі әлем кубогі бар. Эльжананың бағдарламасын қиындатып, жаңарған жаттығуларды екі халықаралық жарыста байқап көреміз. Кейін Германияда жаттығу жиынын өткіземіз. Қазіргі әлем чемпионы Дарья Варфоломеев сол жақтан. Ал Олимпиадаға бір апта қалғанда климатқа бейімделу үшін Испанияда боламыз", - деді бас бапкер.

Париж Олимпиадасында көркем гимнастика бәсекесі 8-10 тамыз аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық