USD
USD
USD

Елжан Біртановтың апелляциялық соты кейінге шегерілді

Бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің үстінен қозғалған аппеляциялық сот тағы кейінге қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елжан Біртановтың апелляциялық соты кейінге шегерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің ісі бойынша апелляциялық сот өтті.

ZOOM платформасы арқылы өткен сот отырысы ұзаққа созылмады.

«Елжан Амантайұлы әлі ауырып жатыр. Емделу мерзімін келесі дүйсенбіге дейін ұзартты. Сондықтан апелляциялық сот отырысын кейінге қалдыруды сұраймыз», - деді Е.Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев.

Өз кезегінде істі қарауды кейінге шегеруді сотталушы Олжас Әбішев пен бұрынғы министрдің қорғаушысы Есжан Біртанов та қолдады.

«Келесі сот отырысы 10 қаңтар сағат 10:00-ге белгіленді. Сот отырысы офлайн форматта және ашық өтеді», - деді судья Айбек Әмірғалиев.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.