USD
USD
USD

Елтаңба авторы Шота Уәлиханов дүниеден өтті

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы Шота (Шот-Аман) Уәлиханов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елтаңба авторы Шота Уәлиханов дүниеден өтті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Сәулетшінің қайтыс болғанын мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова естіртті.

"Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына! Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. (...) Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын", - деп жазды министр Instagram желісіндегі парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер