USD
USD
USD

Елшілік Украина аумағында жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстан елшілігі шиеленістің күшеюіне байланысты отандастарымызға Украина аумағынан кету ұсынды.

Украина
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді естіген бойда дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздігін сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031. 

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі(төтенше жағдайда): +380673470408.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы