USD
USD
USD

Елшіліктің жауабы: Қырғызстан Ресейге қосыла ма?

Мәскеудегі Қырғыз елшілігінің баспасөз қызметі бұрынғы елші Райымқұл Аттокуровтың ресейлік порталға берген сұхбатында "Қырғызстан Ресейге қосылу мүмкіндігін талқылап жатыр" деген сөзіне түсініктеме берді.

Елшіліктің жауабы: Қырғызстан Ресейге қосыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. AKIpress атап өткендей, елшілік мұндай мәлімдеме жасауға айтарлықтай негіз жоқ деп санайды. Дипломатиялық миссия Аттокуровтың Ресей азаматы екенін және жеке тұлға ретінде өзінің жеке пікірін айтқанын хабарлады.

Елшілік сонымен бірге Қырғызстанның ресми ұстанымын да алға тартты:

- Қырғыз Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет, халықаралық құқықтың субъектісі және халықаралық қатынастардың толыққанды қатысушысы болып табылады,- сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Конституциясына сәйкес, орыс тілі Қырғыз Республикасында мемлекеттік емес, ресми тіл.

"Қырғызстан басшылығы мемлекетіміздің егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғауда және ұлттық мүдделерді сақтауда берік бағыт ұстанып отырғанын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар, қырғыз-ресей мемлекетаралық қатынастары өзара құрмет, түсіністік және өзара қолдау тұрғысында қарқынды дамып келеді. Біздің халықтарымызды ортақ тарих және еуразиялық рухани құндылықтар біріктіреді, Қырғызстан мен Ресей - сенімді одақтастар және стратегиялық серіктестер, - делінген Қырғыз елшілігінің хабарламасында.

Дипломаттар арандатушылық сипаттағы ашық мәлімдемелер жасаудан аулақ болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция