USD
USD
USD

Елшілік қызметкерлері Украинадан келе жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне көмектесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Украинадан елімізге келе жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне көмектесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Елшілік қызметкерлері Украинадан келе жатқан жүк көліктерінің жүргізушілеріне көмектесті
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Украина аумағында басталған әскери шиеленіске байланысты қазақстандық алысқа қатынайтын көлік жүргізушілері қиын жағдайға тап болды.

«Украинадан Қазақстанға келе жатқан 10 жүк көлігін Ресей шекарашылары Брянск облысындағы Троебортное өткізу пункті аумағында тоқтатты. Белгілі себептермен олардың кері қайтуға мүмкіндіктері болмаған. Логистикалық қақпанға 11 жүргізуші түсіп қалды: олардың жетеуі Қазақстан азаматтары, тағы төртеуі басқа мемлекеттердің азаматтары», - делінген СІМ хабарламасында.

Мәлім етілгендей, жүргізушілер Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің жедел желісіне хабарласып, көмек сұраған.

«Дипломаттардың Ресейдің құзыретті органдарымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде көліктерді өткізу мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта жүк көліктері Қазақстанға жолға шықты», - деді сыртқысаясат ведомствосынан.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Украинадан елімізге оралуын ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Шорт-тректен Азия чемпионы Абзал Әжғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтады

Абзал Әжғалиев

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

порногарфия

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі