USD
USD
USD

Елшілік ел азаматтарын Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауға шақырды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі Қазақстан азаматтарын Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына барудан бас тартуын ескертіп, үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елшілік ел азаматтарын Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады).

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады.

ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14» делінген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі жолдаған ресми хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына қатысты пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова