USD
USD
USD

Елшат Нығметолла шаршы алаңға оралады

Шаршы алаңда жеңіліп көрмеген жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күнді жария етті.

Елшат Нығметолла шаршы алаңға оралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Спортшы 22 қыркүйекте, Алматыда шаршы алаңға оралады және WBC International Silver атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

Елшаттың қарсыласының есімі әлі жария етілген жоқ. Бокс кешін жергілікті Abat Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырады», - делінген ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, Елшат Нығметолла екі жылға созылған үзілістен кейін биыл 12 наурызда Дубайда өткен бокс кешінде өнер көрсеткен болатын. Ол филиппиндік қарсыласы Джастин Дарапты (10-2, 6 КО) төрешілердің бірауыз шешімімен женген еді. Елшат Нығметолла Қытайда туған. Ол 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар