USD
USD
USD

Елорданың дамуына қанша қаржы жұмсалмақ?

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты комиссиясының кезекті отырысында 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды.

Елорданың дамуына қанша қаржы жұмсалмақ?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәслихат депутаттары қаланың құрылыс, экология, көлік, сауда және ТКШ бағытында қаражат бөлуді қарастырды.

«Үш жылдық бюджеттің параметрлері ағымдағы жағдайды ескере отырып қалыптастырылды, яғни болжамды индикаторлардың түзетілуі назарға алынды», – деді қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев тұрақты комиссияның отырысында.

Осы орайда ол бюджет кірістері туралы жеке тоқталды.

«2021-2023 жылдары жеткізілген лимиттерге сәйкес, жеке кірістердің түсімі 1 трлн 1 млрд 376 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 2021 жылы 319,7 млрд теңге, 2022 жылы – 332,2 млрд және 2023 жылы - 349,3 млрд теңге. 2021 жылы жеке кіріс көлемі 319,7 млрд теңге сомасында бағаланып отыр, бұл тұрғыда 5 пайыз өсім қамтылды. Оның ішінде салықтық түсімдер 315,9 млрд теңге, салықтық емес түсімдер 1,1 млрд теңге, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан келетін түсім 2,7 млрд теңге. Алдағы үш жылда салықтық түсімдер елорданың жеке кірістерінің жалпы көлемінен 98 пайызға жуығын қамтамасыз етеді», – деді Қайсар Манқараев.

Оның айтуынша, жергілікті үш жылдық бюджеттің шығыстары 1 трлн 1 млрд 376 млн теңге сомасында жоспарланған.

Сәйкесінше, Оның ішінде 2021 жылы 319,7 млрд теңге, 2022 жылы – 332,2 млрд, 2023 жылы 349,3 млрд теңге жұмсалмақ.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль