USD
USD
USD

Елорданың Байқоңыр ауданында 86 аула абаттандырылады

Келесі жылы елорданың Байқоңыр ауданындағы 86 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Елорданың Байқоңыр ауданында 86 аула абаттандырылады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Әкімдіктің мәліметінше, оның ішінде 25 аулада темір гараждар орнатылған. Байқоңыр ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлері гараж иелерінің арасында нысандарды 15 сәуірге дейін алып тастау керегі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кіріскен.

«Себебі темір гараждар аудан келбетін бұзып қана қоймай, ортақ аумақтың көп бөлігін басып алған. Еске сала кетсек, биыл ауданда заңсыз салынған 202 металл гаражы алынып тасталды. Нәтижесінде 10 000 шаршы метрден астам жер учаскесі босап, сол аумаққа қарасты үйлердің меншігіне қайтарылды. Тиісті абаттандыру жұмысы жүргізілгеннен кейін, қазір ол жерлерде демалыс алаңдарына айналған», делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, Байқоңыр ауданы аумағындағы заңсыз нысандарды жою жұмыстары жоспарланған кестеге сәйкес жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе