USD
USD
USD

Елорданың тарихи көшелерімен 5 шақырымдық жүгіру марафоны өтті

31 тамызда Астанада ҚР Конституциясы күнін атап өту қарсаңында SARYARQA RUN жүгіру марафоны өтті. Марафонға алғашқы тіркелген 500 қатысушы қатысты.

Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Жарыс 16 жастан асқан азаматтарға ашық болды және тіркелу үшін ешқандай жарна алынған жоқ.

«Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Saryarqa Run» марафоны 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтуге дайын көптеген спортшыларды жинағанына қуаныштымыз. Бұл оқиға физикалық төзімділікпен қатар, бірлік, патриотизм және рухтың беріктігін де білдіреді. Бірінші қатысушы мәреге 15 минутта жетсе, соңғысы 40 минутта келді. Мұндай шараларға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көру бізді спорттық дәстүрлерді дамытуға ынталандырады. Барша спорт сүйер қауымды алда өтетін дәстүрлі «Koktal Run» жарысында күтеміз», — деді, Әділ Қапсалямов Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы.

64 жастағы Талапнұр Байзақ марафонның ерекше қатысушысы болып, 27 минутта 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтіп, жастарды артта қалдырды. Жеңімпаздар бірнеше жастағы категориялар бойынша медаль, диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Нәтижелер:

16-49 жас аралығы, ерлер:

1. Ахим Еркебай

2. Куаныш Бекенов

3. Архат Қалдыбек

16-49 жас аралығы, әйелдер:

1. Диана Ержанова

2. Гүлмира Газизқызы

3. Әлия Асылбекова

50 жастан жоғары, ерлер:

1. Мендыбай Әлімғазинов

2. Алекс Амиот

3. Ержан Жиекбаев

50 жастан жоғары, әйелдер:

1. Динара Шаймерденова

2. Насипа Шынбаева

3. Ботагөз Ақжігітова

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия