USD
USD
USD

Елорданы қабан кезіп жүр

Астанаға жабайы қабанның қайдан келгені белгілі болды, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Елорданы қабан кезіп жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қыркүйектің 20-сынан 21-іне қараған түні Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі бойында жабайы қабандар көзге түсті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. «Осыған байланысты Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары табиғатты қорғау полициясымен бірлесе отырып, маңайды торып шыққан. Іздеу барысында қабандар көші анықталмаған» деп хабарлайды ведомстводан. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысы төңірегінде 2500-ге жуық жабайы шошқа бар. Олар қала территориясына миграция арқылы өтуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз