USD
USD
USD

Елордалық полицейлер жедел түрде ұрының белгілері бойынша ізіне түсті

Нұр-Сұлтан полицейлері жедел түрде ұрының белгілері бойынша ізіне түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Елордалық полицейлер жедел түрде ұрының белгілері бойынша ізіне түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы ауданының полиция қызметкерлері телефон ұрлаған 28 жастағы елордалық әйелді ұстады. Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, кешкі уақытта белгісіз біреу Майлин көшесіндегі балалар алаңынан кәмелетке толмаған ұлына тиесілі құны 90 мың теңге тұратын Samsung А 02 телефоны болған рюкзагын ұрлап кеткенін айтқан. Тергеу барысында жас әйелдің балалар ойнап жүріп, жеке заттарын қараусыз қалдырып кеткен тұрғын үйдің ауласына келгені анықталды.

Күдікті орындықтардың біріне отырып, балалардың ойнап жатқан сәтін пайдаланып, қара рюкзакты алып кеткен. Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында елорда тұрғынын ақсаңдап жүріп бара жатқан жүрісінен анықтаған, себебі ол бұрын да құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Полиция қызметкерлері тұрғылықты жерінен ұстау кезінде баланың ұрланған телефонынан басқа тағы екі ұялы телефонды тәркіледі.

Ұсталған азаматша жоғалған телефондарды қалтасына басқаны белгілі болды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті