Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордалық өрт сөндірушілер хоккей турниріндегі жеңісін Асқар Забикулинге арнады

Бұл ақпарды ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елордалық өрт сөндірушілер хоккей турниріндегі жеңісін Асқар Забикулинге арнады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE . Ведомство мәліметінше, 1-2 желтоқсан аралығында Петропавлда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнир өтті. 

Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, СҚО ТЖД «Қорғау» және «Арыстан» МҚКБ командаларының жекпе-жегінен басталды. Содан кейін Ақтөбе облысы ТЖД және Астана ТЖД командаларының матчі өтті, онда елордалық спортшылар жеңімпаз атанды.

БҚО ТЖД командасы мен «Арыстан» арасындағы жарыс МҚКБ өкілдерінің жеңісімен аяқталды. Полиция департаментінің «Динамо» командасы мен Астана ТЖД өрт сөндірушілері арасындағы хоккей ойындары астаналықтардың жеңісімен аяқталса, ал СҚО ТЖД мен БҚО ТЖД командалары арасындағы ойында солтүстік қазақстандықтар жеңіске жетті. Турнирдің бірінші күні Ақтөбе облысы ТЖД және «Динамо» командаларының кездесуімен аяқталды, онда Полиция департаментінің командасы жеңіске жетті.

Ойынның екінші күні Полиция департаментінің «Динамо» және елордалық ТЖД-ның «Құтқарушы» командалары күш сынасып, астаналықтар жеңіске жетті. Бұдан әрі елордалық құтқарушылардың мұздағы «жекпе-жегі» СҚО ТЖ департаментінің «Қорғау» командасымен өтті, онда да «Құтқарушы» командасы жеңіске жетті.

Нәтижесінде Астана ТЖД командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды СҚО ТЖД өкілдері, үшінші орынды СҚО Полиция департаментінің командасы алды.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи