USD
USD
USD

Елордалық мобильді топ бір тәулікте 16 карантин бұзу жағдайын тіркеді

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті карантин режимін бұзған ойын-сауық орындарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық мобильді топ бір тәулікте 16 карантин бұзу жағдайын тіркеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топ күн сайын карантин режимінің сақталуы бойынша рейдтік шаралар өткізеді. Астаналықтар бірқатар ескерту шаралары көрсетілген қаулыға қарамастан, әлі де ойын-сауық нысандарына, компьютерлік клубтарға барудан, достар арасында уақыт өткізуден тартынар емес. Бейқам тұрғындар санитарлық талаптарды елемей, қала тұрғындарына қауіп төндіруде», - деп жазды департамент Instagram желісінде. Өткен тәулікте полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері 67 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, карантин бұзудың 16 жағдайын анықтады. Кей нысандар көбірек пайда табуды көздеп, келушілерді құпия есіктен кіргізіп отырған. «Салынған тыйымға қарамастан, кеше сағат 01: 09-да мобильді топ «Nirvana» кафесін анықтады, онда жүзден астам келуші карантинді ұмытып, би кешін жасаған. Кафе әкімшілігі негізгі есікті жапқандай болып, қонақтарды құпия есіктен кіргізіп отырған. Сондай-ақ, рейд барысында мониторингтік топ сағат 01.15-те санитарлық нормаларды бұзып, келушілерге қызмет көрсеткен «PeiZdes» лаундж-барын әшкереледі. Карантин режимін тек ойын-сауық мекемелері ғана бұзбайды. Түнгі рейд барысында мобильді топ тыйым салынған уақытта жұмыс істеген лото-клубтарды, компьютерлік клубтар мен дүкендерді анықтады», - деп хабарлады Полиция департаменті. Карантин режимін бұзғандар туралы барлық материал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза