Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордалық дәрігерлер тұрғындарды сақ болуға шақырып отыр

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастардың саны күн санап өсіп барады. Науқастар ауруханаларға ауыр күйде түсіп жатыр.

Елордалық дәрігерлер тұрғындарды сақ болуға шақырып отыр
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы елорданың штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. "Былтырғы жағдай тағы да қайталана ма деп қорқамыз. Қазіргі уақытта КВИ көрсеткіші бәрімізді алаңдатып отыр. Қазір науқастар ауыр және өте мүшкіл халде ауруханаларға түсіп жатыр. 18 наурыз күні қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 жағдай анықталды", - дейді көпсалалы медициналық орталықтың инфекциялық блогының дәрігері.

Дәрігердің айтуынша ИВЛ аппараттарда жатқан науқастар саны күрт артыпты.

Жансақтау бөліміне тәулігіне жаңадан 5 науқас жатқызылады. Әсіресе, артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы бар егде және кәрі жастағы адамдар үшін коронавирус өте ауыр өтеді, дейді С. Атығаева.

"Өткен жаздағы жағдай қайталанбас үшін, сондай-ақ өлімге әкелетін өте ауыр жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындарға санитарлық шаралардың бәрін сақтауды ұсынамыз. Күн сайын сіздер мен біздің амандығымыз үшін жұмыс істейміз. Бірақ жағдайды дәрігерлердің көмегімен ғана реттеу мүмкін емес. Әркімнің жауапкершілігі маңызды рөл атқарады", - деді елорда дәрігері.

Нұр-Сұлтан қаласы дәрігерлерінің айтуынша инфекция жұқтыратындар саны әсіресе мереке күндерінен кейін күрт артады. Адам көп жиналатын орындарда санитарлық нормалар сақталмауынан науқастар саны айтарлықтай көбейеді. Қала тұрғындары үшін бұл байқалмауы мүмкін, бірақ дәрігерлер жағдайдың күрт нашарлағанын көріп отыр.

Айта кетейік, қатаң санитарлық нормалар мен маска режимі міндетті түрде сақталуы тиіс.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2020 жылдың жазында болған коронавирусқа қатысты жағдайдың қайталану қаупі жоғары екенін ескерткен.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш