USD
USD
USD

Елордалық біршама отбасы баспаналы болды

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында үй кезегінде тұрған елордалық отбасыларға жалдамалы пәтер кілті табысталды.

Елордалық біршама отбасы баспаналы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жаңа баспаналы болып жатқан азаматтармен сөйлесіп жатсам, арасында 13-14 жыл үй кезегінде тұрғандар бар екен. Бұл көпжылдық еңбек пен сабырдың нәтижесі деген сөз. Елбасы, елорданың негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «кішкене сабыр етіп шыдаңыздар әлеуметтік жағдай түзеледі» деген. Міне бүгінде Елбасы айтқанындай еліміз қарқындап дамуда. Бүгінгі қоныс тойы соның бір көрінісі. Тұңғыш Президент елорданы Астанаға көшіргенде осы жердің бәрі дархан дала-тұғын. Ал қазір зәулім ғимараттар бой көтерген әсем қалаға айналып отыр. Қалада халық саны өскен сайын, тұрғын үйге деген сұраныста артуда. Сол үшін де жыл санап түрлі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында қолжетімді баспанаға ие болу мүмкіндігі кеңеюде. Бүгінгі пәтер кілтін алып жатқандардың арасында түрлі әлеуметтік сала өкілдері бар.» - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Әкім қоныс тойымен құттықтай отырып, көктемде бұл жерге абаттандыру жұмыстары қолға алынатынын айтты.

 

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

жанабыловтар