USD
USD
USD

Елордалық «Барыс» «Металлургпен» кездеседі

Ойын кешкі алтыда басталады.

Елордалық «Барыс» «Металлургпен» кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қазір «Барыстың» еншісінде 73 ұпай бар. Ал «Металлург» турнир кестесінде сегізінші тұр. Қарсыластар бұған дейін де бірнеше рет күш сынасқан. Мысалы, 3 ақпан күні өткен ойында «Барыстың» бағы жанбады. Қарсыласынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Юрий Михайлис шәкірттері есе қайтарудан үмітті.

Дортмундтың «Боруссиясы» сырт алаңда «Фрайбургтен» жеңіліп қалды. Бірінші таймда есеп ашылмай, қарсыластар тең түскен еді. Үзілістен кейін, алаң иелері екі доп соқты. Ойын басталмай тұрып мамандар «Боруссия» шоқтығы биік екенін тілге тиек етті. Алайда қонақтар тек 76-минутта ғана есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 2:1. Қазір «Боруссияда» 32 ұпай бар. Олар турнир кестесінде әзірге алтыншы орында келеді.   Ал «Лейпциг» бұл жолы қарсыласынан басым түсті.

«Шальке» қақпасын Норди Мукиеле, Марсель Забитцер және Лукас Клостерманн дәл көздеп, өз командасын алға шығарды. Қазір «Лейпциг» 41 ұпаймен екінші орында келеді. Көш басында – «Бавария» «Манчестер Юнайтед» жеңісті уыстан шығарып алды. «Эвертонмен» кездескен олар тәп-тәуір-ақ ойнап келе жатқан. Үш бірдей гол соқты. Бірақ қарсылас та дес бермеді. Ақыры ойынның 95-минутында есепті теңестіріп кетті. Сульшер баптайтын команда осылайша көш бастау мүмкіндігінен айырылып қалды. Олар Гвардиола командасының соңынан келеді.    

«Астанаға» тағы бір ойыншы келеді. Бұл жолы олар «Тамбовтың» қорғаушысы Вараздат Ароянды сатып алмақ. Трансфер құны 800 мың еуроға бағаланып отыр. 28 жастағы армян жігіті осыған дейін Ресей Премьер-Лигасында ойнаған. Ал Арменияның ұлттық құрамасында 55 матч өткізген.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова

Талдықорғанда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді

Мектеп

Тоқаев испандық футбол мектебінің тәжірибесін Қазақстанға әкелмек

Атлетико Мадрид және Тоқаев