10 Ақпан 11:54
...

Елордаға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты

Фото:
Нұр-Сұлтанды дамытуға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды

inbusiness.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «Инвестицияның көлемі 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты. 2019 жылмен салыстырғанда бұл 200 миллиард теңгеге артық немесе 21%-ға көп. Ал құрылысқа 574 миллиард теңге бөлінді», - деді ол халыққа есеп беру кездеуінде. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде қалада шағын және орта бизнес субъектілері 11 мыңға көбейген. «Нәтижесінде 1 триллион теңгеге өнім өндірілді», - дейді Алтай Көлгінов. Сонымен қатар, елорда әкімі Нұр-Сұлтанның экономикалық драйвері құрылыс саласы екенін атап өтті. «Коронавирус пандемиясы кезіндегі шектеулерге қарамастан 3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырсақ, бұл 1 миллион 300 мың шаршы метрге көп. Біріншіден, бұл экономикаға оң серпінін тигізді: салық төленді, көптеген адам жұмысқа орналасты. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын жеке баспанасына ие болды», - деп түйіндеді сөзін ол.

Тегтер: