USD
USD
USD

Елордаға "Спутник Лайт" вакцинасы жеткізілді

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына "Спутник Лайт" векторлық вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордаға "Спутник Лайт" вакцинасы жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Елордаға жеткізілген бұл 10 мың доза екпе – бір компонентті. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл вакцина тек халықты ревакцинациялауға, яғни толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналғанын атап өтті. QazVac, Sinopharm, Hayat-Vac, Sinovac екпесін алғандар "Спутник Лайт" препаратын қайта ектіре алады.  Вакцина арнайы мұздатқышпен жеткізіліп, температурасы -18 градус және одан төмен мұздатқыш жабдыққа орналастырылды. Емханаларға бұл вакцина тіркелген халық санын ескере отырып бөлінеді. МСАК ұйымдарының вакцинация пунктерінде және сауда орталықтарында ("Керуен" СОО, "Абу даби плаза", "Азия парк", "Еуразия" СҮ) екпе алуға болады. Осылайша, елордада ревакцинацияға арналған мынадай екпелер бар: QazVac, Sinopharm және Спутник Light. Pfizer препаратын тиісті контингент, сондай-ақ 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ектіреді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті