USD
USD
USD

Елордаға автобустар қатынайтын болды

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласынан барлық қаламаңы бағыттарына жолаушылар автобустары қатынай бастайды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Елордаға автобустар қатынайтын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді. Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады. Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына сәйкес, жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды», - делінген CTS компаниясы таратқан ақпаратта. Компания мәліметінше, ҚР Бас санитарлық дәрігері қаулының орындалуын көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бақылайды. Олар қоғамдық көліктегі санитарлық нормалар туралы түсіндіру жүмыстарын жолаушылармен күнделікті жүргізеді. Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсу сұралады. Жүргізушілерге автобустағы жүктеме 50 пайыз аспауы керек деген талап сақталады. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз жүргізу қажет. Ол үшін көліктік карта, балама төлем түрлері қарастырылған – SMS, QR-код және мобильді қосымшалар. Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер енгізілді. 18 жасқа дейінгі балалар көліктік картамен елорданың қоғамдық көлігінде тегін жүреді.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер