USD
USD
USD

Елордаға 300 мың маска жеткізілді

Елордаға 300 мың маска жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.

Елордаға 300 мың маска жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Адам көп жиналатын жерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік нысандар, базарлар, супермаркеттер, тротуарлар, балаларға арналған ойын алаңдары, кіреберістер мен тағы да басқа тиісті жерлер дезинфекциядан өтіп жатыр», – деді қала әкімінің орынбасары.

Оның атап өтуінше, қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күнделікті 450 адам қатысады.

Дезинфекциялау іс-шараларын өткізуге қалалық қызметтерден басқа қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері де жұмылдырылған.

«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар маскамен қамтылуда. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге тіркелген тұрғындарды маскамен қамтамасыз ету мақсатында «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп, барлық медициналық мекемелер қамтылған», – деді ол.

Бақтияр Мәкеннің дерегінше, 22 наурыздан бері елордаға 1 миллионнан астам маска дәріханаларда сатылды. Бүгін тағы 300 мың маска жеткізілді. Олардың бәрі «Еврофарм» дәріханалар желісінде сатылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция