USD
USD
USD

Елордадан қонаққа келген 5 жасар қыз жоғалып кетті

Ойнап жүріп адасып қалған бүлдіршінді полицейлер дер кезінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордадан қонаққа келген 5 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 маусым күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабарлама алған. Туыстарының айтуы бойынша, жасөспірім Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке қонаққа келген. Көпқабатты үйлердің ауласында ойнап жүріп, адасып қалыпты. Шұғыл іздеу жұмыстарының нәтижесінде Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Самат Жақсыбаев, Бақтыбай Байбориев, Мұқағали Есенбек, Нұрсерік Себаев бес жастағы жасөспірім қызды тауып, отбасына қайтарды. Қыздың әжесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді: “Астанадан қыдырып келген немерем есік алдында ойна жүріп жоғалып кетті. Өзім екі сағат іздеп, таппадым. Кейін Еңбекші ауданы полициясына хабарластым. Олар 10 минутта келіп, іздеп, бір сағаттың ішінде тауып берді. Өзім де қосылып іздедім. Машинамен де, жаяу да жүріп, түкпір-түкпірлердің барлығына кіріп, бір сағаттың ішінде немеремді тауып берді. Мың алғыс айтамын”

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту